ЖАҢАЛЫҚТАРПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Кедей адамдарда болатын 10 әдет

Кедей адамдар бұл әрекеттерді жиі қайталайды. Кейбір дарынды адамдардың кедейлерге еліктеп, өздері кедей болып қалуы өкінішті. Біз сіздермен бұл жолы кедей адамдардың жасайтын 10 әдетін бөлісеміз. Өзіңізді тексеріп көріңіз.

ӘДЕТ 1: Қателікті біреуден іздеу
Кедейлер жауапкершілікке тартылғанды​ұнатпайды. Өзінің сәтсіздігіне әріптесі, бастық немесе маңайындағы адамдарды кінәлайды. «Егер ол болмаса, мен жетістікке жетер едім.» немесе «Бәрі мені мазалап жатыр, мен ештеңе істей алмаймын» деп ойлайды.

ӘДЕТ 2: Уақытты жоғалту
Бізге кішкентай кезімізден «Жеті рет өлшеп, бір рет кес.» деп үйреткен. Уақыт өте береді, ал сіз өлшей бересіз. Соңында алдыңызға басқа біреу келіп, сіздің бөліміңізді кесіп өтіп, алып кетеді. Кедей ойламды адамдар өз уақытын босқа өткізеді.

ӘДЕТ 3: Тәуекелге бел бумау
Кедей адамдар тәуекелге барғанды​ұнатпайды. Олар аз болса да тұрақты табыс табуды қалайды. Нәтижесінде, олар жалақыдан жалақы арасында өмір сүреді.

ӘДЕТ 4: Басқалардың жұмысын бағаламау
Кедей ойламды адамдар өзгенің еңбегін елемей өмір сүреді. Егер ән, фильм немесе бағдарламалық жасақтама орнатқысы келсе, оны торренттен тегін жүктейді. Олардың өмір философиясы – қымбат заттар мен қызметтерді ақысыз алудың жолын іздеу. Қымбат өнімді ақысыз жүктеу оны ұрлаумен бірдей. Өзгелердің интеллектуалды еңбегін ұрлау әрқашан кедей өмір сүруге апарады.

ӘДЕТ 5: Өзідерін аяйды
Кейде адамдар мәселенің тамыры қоршаған ортада деп санайды. Кедей адамдар өздері үшін өздеріне жаны ашиды. Мысалы, өздері тұратын елді немесе қаланы ұнатпау немесе кедей отбасынан шығу сияқты себептерді сылтауратады.

ӘДЕТ 6: Олар үнемі шағымданады
Ақшаның жетіспеуі депрессияның себебі болатыны жасырын емес. Бай адам кез-келген сәтсіздікті мақсатқа жету үшін жеңу керек деп ойлайды. Ол өзінің тағдырына еш шағымданбайды.

ӘДЕТ 7: «Адамдар не дейді екен?» деп ойлайды.
Табысты адам өзін-өзі бағалай алады және басқалардың пікірінен тәуелсіз өмір сүреді. Ал кедейлер өз уақыттарын және күш-жігерлерінің көп бөлігін өзгелердің көз қарасына арнайды. Өздерін мықты және табысты біреумен салыстырып, көңілден түсіп кетеді.

ӘДЕТ 8: Ақшасын ысырап етеді
Кедейлерде қаржылық стратегия деген болмайды. Оның мақсаты ақша табу, содан кейін оны жұмсау. Ал байлар тапқан ақшаларын инвестицияға салып көбейткісі келеді.

ӘДЕТ 9: Уақытша күн көргісі келеді
Кедейлер жаңа нәрсені білгісі келмейді, болашақ үшін жұмыс жасағысы келмейді. Олар дәл қазір ақша тапқысы келеді. Бұл жасаушы емес, тұтынушы менталитетінің мысалы. Олар мүмкіндігінше аз күш жұмсап, мүмкіндігінше көп ақша тапқысы келеді.

ӘДЕТ 10: Уақытын босқа өткізеді
Кедей адам «Уақытты қалай өткіземін?» деп қынжылады. Бұл өте жағымсыз сұрақ. Өзіңізге дұрыс сұрақ қойыңыз «Уақытты қалай тиімді өткізуге болады?» деп. Барлығы сіз уақытыңызды қалай өткізетіндігіңізге байланысты.

Жоғарыдағы әдеттердің көбі сізге сәйкес келсе, көңіл күйден түспеңіз. Керісінше, нені өзгерту керек екенін білгеніңіз үшін, қуаныңыз. Сізге батыл қадам жасауға түрткі болады деп үміттенеміз. Іске сәт!

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!