ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бауыр ауруының белгілері. Осыны білгеннің арқасында көптеген адамдар бауыр қатерлі ісік ауруынан құтқарылған!

Адам ағзасындағы маңызды мүшелердің бірі – ол бауыр. Бұл заттың алмасуына қатысады және организмнен токсиндерді шығаруға міндетті. Бауыр сонымен бірге ас қорыту жүйесін қолдайды. Және де ақуызды, қоректік заттар мен минералды заттарды өзінде сақтайды. Бауыр зақымдалған кезде ағзаға токсиндер тарап, бүкіл денені ауру етеді. Сондықтан біз сізге бауыр ауруы бар-жоғын білу туралы өте пайдалы ақпарат беруге дайындадық.

1. Бауыр

Бауыр адам ағзасындағы ең үлкен без және оның салмағы 1500 грамм. Ол ас қорыту, қан айналымы, метаболизм және детоксикацияға жауап береді. Басқаша айтқанда, бұл «дене химиясын» реттейтін зертхана. Ендеше сіздерге бауыр ауруының белгілерін ұсынамыз.

2. Белгілері

Егер сізде төмендегі белгілер бар болса, оларды елемеуге болмайды. Бұл сіздің бауырыңыздың толық жұмыс істемейтіндігін көрсетеді.

  1. Шаршау
  2. Әрдайым күйзеліске түсу, көңілсіздену
  3. Ас қорытпау
  4. Бас ауыру
  5. Буын және бұлшықет ауыру
  6. Безеулер пайда болу және тері қабыну
  7. Іш ауыру, іш қату
  8. Гормоналды теңгерімсіздік
  9. Салмақ қосу

Егер сіздің бауырыңыз ауыратын болса, онда бұл белгілер пайда болады. Бірақ сіз оны ерте біліп, емдей аласыз. Бұл аурудың алдын алу үшін алкогольден аулақ болып, дұрыс тамақтану керек.

Бауыр ауруларының алдын алуға көмектесетін бірнеше кеңестер.

  1. Су көп ішіңіз.
  2. Құрамында химиялық заттар бар тағамнан аулақ болыңыз және оның орнына органикалық өнімдерді қолданыңыз.
  3. Ет, көкөністер сияқты ақуыздар мен қоректік заттарға бай пайдалы тағамдарды қолданыңыз.
  4. Күнбағыс және соя майларынан аулақ болыңыз.
  5. Қант тұтынуды азайтыңыз.
  6. Авокадо және қырыққабатты көбірек қолданыңыз.
  7. Магний, фолий қышқылы, С және В дәрумендерін көбірек пайдаланыңыз.
  8. Алкогольдан бас тартыңыз.
  9. Жұмыртқа, шпинат, ақжелкен және сиыр етін көбірек жеңіз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!